Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды

Ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды

Жақында ауданға қарасты Аманкелді ауыл­дық округіндегі «Әбдікәрім Абдуллаев» атын­­дағы атшабарда ұлттық спортты дамыту мақ­сатында тай бәйге, қол күрес, гір тасын көтеру, көкпар сайысы ұйымдастырылды.

Ең алдымен ауыл ақсақалдары Мырзағали Кенбаев пен Бижан Сей­далиев бата беріп, ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев сайысқа қаты­сушыларға сәттілік тіледі.

Ауылдың ардақты азаматтары мен ұлттық спорт жанашыры және Қасиетті Рамазан айында қуанышы еселеніп, ат ұстары дүниеге келген Асхат Абдрахимұлы Әбенов қолдау білдірген ұлттық спорт түрлерінен өткен додаларға облыс көлеміндегі үздік шабандоздар мен мықты спортшылар қатысты. 100-ден астам спортшылар бақ сынаған ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыс­тарды тамашалауға келген көрерменнің де қарасы көп болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара со­ңында сайыс жеңімпаздары марапатталып, қомақты ақшалай сыйлық табысталды.

Ауыл іргесіндегі кірпіш зауыты, яғни «АКЗ LTD» ЖШС-нің директоры Руслан Жанайдарұлы Каскиев елді мекеннен жасақталған 10 (он) ша­бандозға бірдейлендірілген спорттық киімдерін алып берді. Аман­келді ауылындағы ұлттық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін ауыл тұрғындары атынан арнайы алғыс білдіреміз.



Аманкелді ауылының әкімдігі
12 мамыр 2022 ж. 686 0