Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Соғыс және тыл ардагерлері пойызбен тегін жол жүре алады

Соғыс және тыл ардагерлері пойызбен тегін жол жүре алады

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушылары теміржол көлігімен тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теміржолы компаниясының хабарлауынша, теміржол көлігімен тегін жүру 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына беріледі. 

Аталған қайырымдылық акциясы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жеңіс» жобасы аясында ұйымдастырылды. 

«Акция мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын, 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін және еңбек майданының қатысушыларын әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру», делінген хабарламада. 

Барлық бағыттағы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде) пойыздардың купелік вагондарында, сондай-ақ қала маңы қатынасындағы пойыздарда, «Турист» класты вагондарда және «Talgo» компаниясының вагондарынан құрылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген. 

Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет. 

ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру үшін құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ғана ресімделеді.  

Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жүзеге асырылады.
08 мамыр 2022 ж. 415 0