Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕГІН САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕГІН САЯХАТТАЙ АЛАДЫ


Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 2018 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Қазақстан мен ТМД елдеріне тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға сілтеме жасап.
  «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесе отырып, Жеңіс күні қарсаңында жүзеге асатын дәстүрлі акцияның басталғандығын жариялады.
   ҰОС ардагерлері Қазақстан және ТМД елдері бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық бағыттары бойынша қызметті тегін ала алады. Билетті купелі вагонның кез келген санатына алу мүмкіндігі бар.
   Аталмыш акция бойынша билет рәсімдеуге жеке басты куәландыратын және ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі екендігін растайтын құжаттардың түпнұсқасы болуы керек.
 ТМД мемлекеттеріне жасалатын саяхат үшін билет баратын станция мен Қазақстан аумағындағы билет берілген станция бағыты бойынша рәсімделетіндігін айта кету қажет.

27 сәуір 2018 ж. 1 054 0