Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ел дамуының жаңа кезеңі басталды

Ел дамуының жаңа кезеңі басталды

Ел дамуының жаңа кезеңі іс жүзінде бастау алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы мемлекетті жетілдіру, жаңғырту, нығайту жолындағы бүгінгі бейнеүндеуде айтты.

Қазақстан Республикасы ел тарихындағы екінші референдумды бастан өткермек. Расында да мемлекет халық үніне тікелей құлақ асып келеді.

Жаңа Қазақстанды құру жолында халық пікірінің ескерілуі маңызды. Себебі, халық — орталық биліктің негізгі тірегі.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында саяси жаңғыру жолындағы ауқымды бағдарлама ұсынғаны бәрімізге мәлім. Жолдаудың негізгі бағытының бірі — елдегі саяси жүйені түбірімен өзгерту еді. Бұл — халықтың талап-тілегінен туындаған мәселе.

Кез келген мемлекеттің негізі — Ата Заңы. Ендеше Конституцияға өзгерістер енгізуде әр азаматтың пікірі маңызды.
Расында да біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Алдағы Референдумнан күтеріміз мол.





Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
05 мамыр 2022 ж. 537 0