Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тәуелсіздігімізді нығайту – негізгі мәселе

Тәуелсіздігімізді нығайту – негізгі мәселе

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Саяси реформалардың жаңғыруы негізінде еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы ауқымды істерді жүзеге асыруда жаңа бастамалар енгізілуде. Ең бастысы, Тәуелсіздігімізді нығайту – негізгі мәселе. «Қаңтар оқиғасы» салдарынан егемендігімізге қауіп төнді. Шын мәнінде, қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар ел арасында татулықтың, мызғымас бірліктің қажет екендігін ұғындырды.

Расында, көпшілік Жолдаудан зор үміт күтті. Мемлекетімізде нығайту жолындағы тың бастамаларға аудан жастары қолдау білдіреді. Бұл ретте, ашықтық пен жариялық алдыңғы орында болуы тиіс. Алдағы уақытта билік өкілдері халықпен тығыз байланыс орнатып, түткілді мәселелерін шешуде нақты жұмыстар жүргізілуі ұтымды шешім. Бұл ретте, еліміздегі сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілетін болады. Жауапкершілікті айқын сезінетін алатын азаматтар ел мүддесі жолында маңызды шешімдер қабылдайды деп сенемін. Жергілікті мәслихат депуттатарының құзіретін күшейту арқылы жұртшылықтың мұн-мұқтажын, әлеуметтік мәселелерін шешуге зор мүмкіндік туады.

Ғани ОРАЛОВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

16 наурыз 2022 ж. 593 0