Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаза басқандардың жазасы қандай?

Жаза басқандардың жазасы қандай?

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-про­цестік заңнаманы жетіл­діру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Оның ішінде кө­лік жүргізуге қатысты жауапкершілік күшейтілді.
Елімізде жол-көлік оқиғалары жиі­ліп, соның салдарынан көптеген қазақстандық жарақат алды, көбісі бақилық болды. Бұған көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер себеп болуда. Міне осындай олқы­лықтың алдын алу үшін 2020 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде тізгіндегендерге жаза кү­шейді.
– Қоғамда қызу пікірталас туды­­ратын өзекті мәселелердің бірі – мас күйінде көлік жүргізу жайы. Президент бұл мәселеде жауап­кершілікті күшейтуді тап­сырған. Ол заң бұзушыларды түр­меге отыр­ғызып, айыппұл салып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру керек екенін айтты. Өкінішке қарай, жыл сайын мас күйінде көлік жүргізген 30 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Мас жүргізушілердің сал­дарынан болған апаттан биылғы жыл­дың өзінде 1000-нан астам азамат жарақат алды немесе қайтыс болды, – дейді Бас прокурордың орын­басары Марат Ахметжанов.
Енді заңға сәйкес мас күйінде кө­лік жүргізіп, қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сон­дай-ақ өмір бойы көлік басқару құ­қығынан айырылады. Әкімшілік құ­қық бұзушылық кодексінде мас күйін­де көлік айдағаны үшін 30 тәу­лікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзар­тылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғайды.
Сонымен қатар егер азамат өз куәлігінен айырылса да мас күйінде көліктің рөліне отырса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылатын болады. Сондықтан көлік жүргізушілері абай болғаны жөн.


Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

18 қаңтар 2020 ж. 904 0