Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Балалар бақыт құшағында

Балалар бақыт құшағында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жариялаған «Балалар жылы» аясында «1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі» күні мерекесіне орай «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында мерекелік шара болып өтті.

Ұйымдастырылған шараға аудан әкімі М.Ергешбаев арнайы қатысып, ата-аналар мен балаларды мерекесімен құттықтады.

Мерекелік шарада 7-11 жас аралығындағы балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салды. Өздеріне берілген тапсырмаларды тез, әрі әдемі етіп орындауға тырысқан балалар, барын салып, бейбітшілік, Тәуелсіздік, мейірімді Әлем тақырыптарында түрлі суреттер салып шықты.

Қылқаламы мен жүйрік қиялынан туындап өздік жұмыстарымен танылған бірқатар оқушыларды аудан әкімінің дипломдары, алғыс хаттарымен марапаттады.

Аудандық Өнер мектебінің өнерпаздары шарада мерекелік ән-шашу тарту етті.

01 мамыр 2022 ж. 898 0