Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібінде – өзекті мәселелер

Күн тәртібінде – өзекті мәселелер

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспенбетовтің төрағалығымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кеңес төрағасы М.Еспенбетов ең алдымен қоғамдық кеңес құрамындағы өз­ге­ріспен таныстырды.
– Өз өтінішіне сәйкес Кеңес құрамынан М.Омарова шығарылып, резервтік тізім бо­йынша құрамға Ж.Ембергенов қосылды. Жұмабек Әшімұлы – осы ауданның тумасы, қоғам белсендісі әрі аудандық мәс­лихаттың депутаты. Ол алдағы уақытта Қоғамдық кеңеске жүктелетін міндеттерді бізбен бірге абыроймен атқарады деп се­неміз, – деді М.Еспенбетов.

Мұнан кейін күн тәртібіндегі мәселе­лер­мен таныстырып, бірінші аудандық кә­сіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлі­мінің басшысы Н.Қарсақбаевтың баяндамасы тыңдалды. Бөлім басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлеке
ттік саясаттың басым бағыты екенін айта келе, есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін берді.

– Аудан бойынша 2473 шағын және ор­та кәсіпкерлік нысаны бар. Бүгінде бөлім тарапынан зерделеу-талдау жұмыстары жүр­гізілді. Нәтижесінде, 2332 нысанның жұмыс жасап тұрғаны анықталды. Былтыр мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында 527 жобаға қаржылай қолдау көр­сетілді. Биыл несиелендіруді қажет ететін 249 жобаның тізімі жасақталды. Ол жобаларды сүйемелдеуге депутаттар да өз үлесін қосуда, – деді бөлім басшысы.

Бұл мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов, Т.Нұр­тазаев бірқатар сұрақ қойды. Кәсіпкерлік жобалардың тиімділігіне назар аударып, мо­ниторинг жұмыстарын жүргізуді ұсын­ды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауыл ша­руашылығы саласына қатысты өрбіді. Бөлім басшысы Н.Жұмабеков аграрлы ау­дандағы егін егу жұмыстарының барысы мен мәселелер төңірегінде есеп берді.

– Биыл 20230 гектарға күріш егіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдарында су тапшылығын болдырмау үшін кешенді жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде сұраныс бойынша насостар алынды. Жем-шөп мәселесін шешу үшін тиісті меморандум жасалып, түсіндірме жұ­мыстары жүргізілуде. Жалпы ауданға 70,3 мың тонна шөп, 3,9 мың тонна сабан және 15,6 мың тонна жем қажет. Осыған орай тәулігіне 53,2 тонна ұн же­мін өндіретін 11 күріш ақтау зауыттары арқылы жем мәселесін шешеміз деп жос­парлап отырмыз, – деді бөлім басшысы.

Қоғамдық кеңес мүшелері субсидия мәселесі төңірегінде түсініспеушіліктер көп екенін айтып, жергілікті газетте ақпа­раттық мақалалар жариялау қажеттігіне назар аударды.

Мұнан соң аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы баян­дама жасады. Ол мақсатына сай игеріл­меген жерлерді қайтару бағытында атқа­рылған жұмыстарға тоқталды. Бөлім бас­шысының айтуынша, жыл басынан жал­пы көлемі 1183,1 гектарды құрайтын 11 учаске кері қайтарылған. Жалпы 944 тұр­ғынға ескертпе хат таратылып, түсін­дірме жұмысы жүргізілген. Қоғамдық ке­ңес мүшелері мақсатсыз пайдаланған жер­лердің иелеріне айыппұл салу немесе мемлекет меншігіне қайтаруға ерекше ба­сымдық беру қажеттігін атап өтті.

Соңғы мәселе аудандағы шаруашылық құрылымдарының сумен қамтылуына арналды. «Сырдариясушар» өндірістік учас­кесінің басшысы Б.Искаков «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалынан 761,00 млн текте метр су лимиті бөлінгенін айтты. Осы лимит аясында жалпы егіс 31502 гектар, оның ішінде күріш 19270 гектар болып жоспарлануда. Ал экологиялық жағ­дайды жақсарту үшін 300,0 млн текше метр су бөлінген.

Кеңес мүшелері аяқ су мәселесінің ау­данның шаруашылық құрылымдары үшін маңыздылығына тоқталып, өндірістік учас­ке басшысына тиісті кент және ауыл әкімдерімен, бөлім басшыларымен бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
30 сәуір 2022 ж. 543 0