Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Апта ағымында «Nur Otan» партиясы­ның Сырдария аудандық филиалы жа­нын­дағы бірқатар қоғамдық кеңестің ке­зек­ті оты­рысы өткізілді. Кеңеске ау­дан­­дық мәс­лихат депутаттары, мекеме, бөлім бас­­шылары қатысты.

Ең алдымен «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фрак­ция­сының жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орын­басары Е.Жақып төрағалық еткен оты­­рыс­тың күн тәртібінде екі мәселе талқыланды.

Бірінші мәселе сайлауалды бағдар­ламасы аясында әзірленген Жол картасы бойынша аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстарының есе­бін тыңдау және білім беру саласындағы жылу беру маусымының барысына арналды. Бұл туралы бөлім басшысы Б.Жәнібековтің баяндамасы тыңдалды. Ал екінші мәселе Жол картасындағы әлеуметтік салаға қатысты тармақтардың орындалуы бо­йынша өрбіп, аудандық жұмыспен қам­ту, әлеу­меттік бағдарламалар және аза­мат­тық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас­шысы М.Қаратаев хабарлама жасады.

– Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – ауданның әлеуметтік-эконо­микалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Біз білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға күш саламыз. Сондықтан күн тәртібіндегі мәселелер маңызды жә­не сайлауалды бағдарламадағы көр­сет­кіштер міндетті түрде орын­далуы тиіс, – деді аудандық партия филиалы төр­а­ғасының бірінші орын­басары Е.Жақып.

Кеңес отырысы барысында қатысу­шылар тарапынан баяндама­шыларға сұ­рақтар қойылып, нақты жауаптар алын­ды.

Сондай-ақ, «Білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәсе­ле­лері» жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын кеңес төрағасы Б.Ес­­­назар ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе Жол картасының денсаулық сақтау саласына қатысты тармақтарындағы индикаторлардың орын­далуына арналса, екінші мәселе ден­саулық саласы бойынша жылу беру маусымының өту барысы туралы өрбіді. Бұл мәселелер жөнінде аудандық орта­лық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ж.Жұмабаева баяндады.

Мұнан бөлек, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жа­нындағы жастарды қолдау жөніндегі ке­ңес отырысы өтті. Кеңес отырысын кеңес төрағасы, «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы А.Ибрагимұлы ашып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Бұл жолы аудан бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың ал­дын алу мақсатында атқарылып жат­қан жұмыстар жө­нінде құқық қор­ғау органдарының есебі тыңдалды. Ау­дан­дық полиция бөлімінің Ювиналды по­лиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Г.Жұмабек атқарушы органмен бірлесе жүргізілген жұмыстардың маңыздыларына тоқтал­ды. Оның ішінде, зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа және ұсақ бұзақылыққа қарсы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бо­йынша аудандық жастар ресурстық орта­лы­ғының маманы С.Сыздықова хабарлама жасап, жастар саясатының дамуы туралы баяндама жасады. Хабарламашылар баяндамаларын аяқтағаннан соң, кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
23 қараша 2021 ж. 378 0