Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халық қажеттілігі–басты назарда

Халық қажеттілігі–басты назарда

Қазіргі таңда аудан тазалығына аса мән берілуде. Апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Б.Момышұлы көшесі бойының тазалығына мән берді. Сондай-ақ Тереңөзек кентіндегі пойыз жол жиегін аралап, осы маңды қоқыстан арылту керектігін атады. Бұл жұмыстарға облыстық мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Расул Есенов атсалысатынын жеткізді.

Аудан басшысына «Углесбыт» ЖШС директоры Расул Есенов кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды көрсетті. Қазіргі таңда өндірісті дамыту үшін күріш өңдеу зауытын салу жұмысы басталған. Соның аясында кәсіпкер жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылатынын айтты.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы ауданда ірі өндірістер ашуды жүзеге асыру керектігіне тоқталды. Оның аудан экономикасына, аудан халқының тұрмыс деңгейінің жақсаруына тигізер үлесі зор екенін атады.




Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі




29 сәуір 2022 ж. 497 0