Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық саласы қоғамдық кеңес назарында

Денсаулық саласы қоғамдық кеңес назарында

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын, кеңес төрағасы Б.Есназар ашып, жүргізіп отырды. Кеңес жұмысына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Жиында Жол картасының денсаулық саласына қатысты тармақшаларындағы индикаторлардың орындалуы мен  денсаулық саласындағы жылу беру маусымының барысы талқыланды.

Күн тәртібі бірауыздан мақұлданған соң, хабарлама жасау үшін сөз аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ж.Жұмабаеваға берілді. Хабарламашы өз кезегінде сайлаулды бағдарламаның жол картасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты индикаторларының орындалуы бойынша және аталмыш саладағы жылу беру маусымының барысы туралы баяндама жасады. Кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға сұрақтар қойылып, ұсыныстар жасалды.
17 қараша 2021 ж. 401 0