Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажырлы қызметке – лайықты құрмет

Қажырлы қызметке – лайықты құрмет

Аудан әкімі М.Ергешбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене ат­­са­лысып, ардагер­лік ке­­­зең­ге абыроймен жеткен Жан­­­­темір Айсин мен Марат­ Ома­ровты қабылдады. Же­тпістің желкенін керген және зейнет демалысына шық­қан қос азамат­қа ау­дан басшысы құрмет көрсетіп, тілектестігін білдірді.
Салтанатты қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыс­тық мәслихат депутаты Р.Есенов, об­лыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Көзейбай бастаған азаматтар мен сала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Ж.Айсиннің саналы ғұ­мы­ры мәдениет және білім беру саласына арналғанын айтып, еңбек жолында аудан халқымен бірлесе атқарған жемісті қызметтеріне кеңінен тоқталды. Ардақты азаматтың жетпіс жасқа зор абыроймен жеткенін және жары Әлия Аманбаевамен бірге елу жыл отасқанын, бүгінде көпке үлгілі шаңырақ иелері болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бас­тап, әкімдік пен партиялық қызметті де атқарған, соңғы жылдары аудандық тарихи-өлкетану музейіне жетекшілік ет­кен М.Омаровтың өмір жолы жөнінде де жақсы пікір білдірді. Зейнет демалысына абыроймен жеткен, адам өмірінің жаңа белесіне қадам басқан азаматқа зор денсаулық тіледі. Аудан әкімі қос азаматқа қазақы үрдіспен иығына шапан жауып, аудан әкімдігінің, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ме­рейтойлық құттықтауын табыстады.
Салтанатты басқосуда аудандық мәс­­­лихат хатшысы Е.Әжікенов мерейтой иелерін аудандық мәслихат депу­тат­тарының атынан құттықтап, игі тілегін жеткізіп, естелік сыйлықтар табыс ет­ті. Өз кезегінде мәдениет саласының ар­дагері, «Сырдария ауданының Құр­метті азаматы» А.Бақтиярова мен об­лыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Көзейбай мерейтой иелерінің өнегелі өмір жолы жөнінде жақсы пікір білдіріп, абырой-амандық, зор денсау­лық тіледі.
Салтанатты қабылдау соңында Ж.Ай­син мен жары Ә.Аманбаева, сон­дай-ақ М.Омаров құрмет көрсеткен аза­маттарға шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Мерекелік іс-шаралар легі аудандық мәдениет үйін­де жалғасты. Мұнда Ж.Айсиннің 70 жыл­дық мерейтойына орай «Жайық пен Сырдың жайсаңы» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Кездесу кешін аудан әкімі құт­­тықтау сөзбен ашып, Сыр елі мәдениетінің дамуына атсалысып, өнер майталманына айналған аза­­­мат­қа ыстық ықыласын білдірді.
Іс-ша­рада аудандық мәдениет үйі­нің ұйым­­­­­дастыруымен қойылым қо­йы­­лып, ән­­дер айтылып, жергілікті өнер­паз­дар көп­ші­лікке көтеріңкі көңіл-күй сый­лады. Сондай-ақ кеш барысын­да ау­дандық тілдерді дамыту және мәде­ниет бөлімінің басшысы Ж.Төр­әлиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жә­нібеков, аудандық білім қызмет­керлері кәсіподағының төрағасы А.Есна­зар мерейтой иесін арнайы құттықтап, сый-құр­мет көрсетті.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
23 сәуір 2022 ж. 672 0