Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алматы- Екатеринбург тас жолында автобус өртеніп, 51 адам құтқарылды

Алматы- Екатеринбург тас жолында автобус өртеніп, 51 адам құтқарылды


Екі полицей Алматы- Екатеринбург тас жолындағы жанып жатырған автобусты көріп, ішіндегі жолаушыларын құтқарып қалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Sputnik Казахстан жазды.

Оқиға 28 наурызда болған. Аға полицей Нұрмағамбетов пен жол-патрульдік батальонының полиция инспекторы полиция лейтенанты Егенов  Алматы – Екатеринбург тас жолында қызмет жасап жүрді. 
Кешкі уақытта олар Neoplan автобусын байқап қалған.  Егенов артқы терезеде автобустың артқы жағынан жалын шыққанын көрді.
“Біз ойланбастан автобус соңынан бардық. Оны тоқтатып, бірден 51 адамды қауіпсіз жерге шығардық. Осыдан кейін өртті сөндіру жұмыстары басталды”, – дейді Егенов.
Жалынды сөндіруге жолаушылар да ат салысқан.
Полицейлер жолаушыларды келесі автобусқа жайғаастырды.
02 сәуір 2018 ж. 1 132 0