Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең сұлу полицей қыз анықталды

Қазақстандағы ең сұлу полицей қыз анықталды


Астана қалалық әуежайындағы ЖІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің аға лейтенанты Жанбота Қарибекова «Полиция.kz-2017 аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жанбота Қарибекова Қарағанды облысының Жаңарқа ауданының тумасы. Ауыл мектебі мұғалімдерінің отбасында туған. Ол үйіндегі 7 баланың үлкені.
2017 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен Астана қалалық әуежайындағы ЖІІБ Әкімшілік полиция бөліміне кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспектор лауазымына жұмысқа қабылданған. Қазіргі уақытта полиция аға лейтенанты Қарибекова сол бөлімде аға инспектор болып жұмыс істейді. Ішкі істер органдарында жұмыс істеген екі жылдың ішінде өзін байыпты, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді.
Полицей ару бос уақытында ағылшын тілін үйреніп, сурет салады, фитнеспен айналысады. Болашақта магистратура бағдаралмасымен оқуып, қылмыстық іздестіру бөлімінде жұмыс істегісі келеді.
Фотобайқаудың гран-при иегерін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов арнайы құттықтады.
09 наурыз 2018 ж. 945 0