Құрметті Тереңөзек кентінің тұрғындары!

Осы орайда санитарлық тазалыққа немқұрайлы қараған, тазалық жұмыстарын жүргізбеген тұрғын үйлер, басқа да нысандардың меншік иелеріне ескерту беріліп, кемшіліктер жойылмаса Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 505-бабына (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес 20 АЕК – 61 260 теңге (алпыс бір мың екі жүз алпыс теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік шара көрілетін болады.
Сондай-ақ анықталған кемшіліктер бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жүргізілетіні ескертіледі.
Құрметті Тереңөзек кентінің тұрғындары!
Санитарлық тазалыққа аса мән беріп, тиісті санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізіп, аулаларыңызды, тұрғын үй және басқа да нысандарыңызды талапқа сай ұстауларыңызды сұрайды.
Тереңөзек кентінің әкімдігі