Үй жануарларын қараусыз қалдырмау керек

Ит-мысықтарды серуендету кезінде олардың тарапынан адам өміріне қауіп төндіруіне жол бермеу және ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында облыс көлемінде «Ит-мысық және ауыл шаруашылығы жануарларының асырау қағидаларын сақтау» жедел профилактикалық іс шарасын өткізу үшін аудандық полиция бөлімі арнайы жоспар бекіткен.
Арнайы жоспарға сәйкес, іс-шара барысы жеке құрамға таныстырылды. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жергілікті халыққа түсіндірме жұмысын жүргізуде. Ит-мысықтардың иелері тарапынан асырау қағидаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға қатысты Кодекстің 408-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделеді.