Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй жануарларын есепке алу өзекті

Үй жануарларын есепке алу өзекті

Кеше Аманкелдщі ауылының әкімдігінің ғимаратында үй жануарларын ұстап күту, бағу, малды сырғалап санын есепке алу бойынша бірлескен кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесуді ауыл әкімі М.Нұрғалиев ашып, келген қонақтарды тұрғындарға таныстырды.

Кездесу барысында Сырдария аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Н.Дәулетбаев ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» туралы және малдарды қамайтын айыппұл алаңы ашылып, қараусыз жүрген үй жануарларын осы жерге әкеліп, мал иелеріне айыппұл салу жұмыстары бойынша тұрғындарға түсіндірме жасады.

Өз кезегінде аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы А.Мұстафаев мал ұрлығының алдын-алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы хабарлама берді.

Мұнан соң аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы елді мекенде үй жануарларын жайылымдық жермен қамтамасыз ету қазіргі уақыттың өзекті меселесі болып тұрғандығын айтты. Осыған орай, ауылдық округтегі игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі бойынша тоқталды.

Кездесуге келген қонақтарға ауыл тұрғындары бірнеше сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

03 қараша 2021 ж. 371 0