Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Cырдария» квартеті – сыр елінің мақтанышы

«Cырдария» квартеті – сыр елінің мақтанышы

Сыр мәдениетін өркендету жолында танымал тұлғалар бар ғұмырын арнаған. Өнер айдынында желкенді қайық секілді талмай жүзе білгендер ғана білгілі бір белесті бағындырады. Сыр өнерпаздарының ізбасары саналатын бұл жігіттердің ән әлемінде өзіндік қолтаңбалары бар. Қазіргі таңда қаулаған әншілердің арасынан өзіңді дәлелдеп шығу талмас еңбекті қажет етеді. Міне, заман көшені ілескен «Сырдария» квартеті елімізге жан-тақты танылып келеді.

Жақында Алматы қаласында ұлық мереке қарсаңында өткізілген «Zhuldyz Tv» және «MuzLife» арналарының «Әз - Наурыз» атты телевизиялық концертіне «Сырдария» квартеті қатысқан болатын. Арнайы шақырту алған «Сырдария» квартеті «Уа, Дариға» әнінің тұсауын кесіп, «ҮЗДІК КВАРТЕТ» номинациясын иеленді. Бұл ретте, әріптестерімізді үздік нәтижесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алатау төрінде аудан мерейін асырған өнерпаз жігіттерге тілектестік білдіреміз. Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен, Анар ҚАЛДЫБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты,
«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының жетекшісі

30 наурыз 2022 ж. 511 0