Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арқаны кеңге салуға әлі ерте

Арқаны кеңге салуға әлі ерте

Мемлекетімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеді. Соған орай барлық өңір «жасыл аймаққа» еніп, карантиндік іс-шаралар жеңілдетілді. Екі жыл бойы әбігерге салған індеттен құ­тылатын уақыттың да ауылы алыс емес секілді. Десе де сақтық – саулық негізі екенін естен шығармайық. Әлі де арқамызды кеңге салуға ерте.

Көпшілік бұл індетті де тұмау ауруы се­кілді көре бастады. Алайда қауіпсіздік үшін карантиндік қатаң талаптар сақ­талып, қан­шама адамның осы дерт сал­дарынан бақилық болғанын естен шы­ғармауымыз керек. Бүгінгі таңда әлі де осы індетпен ауырып жатқандар саны аз емес. Мәселен, кешегі күнгі, яғни 4 сәуірдегі мәлімет бо­йынша елімізде 2523 адам қауіпті инфекция­­дан емделуде. Олардың ішінде 293 науқас стационарда, 2 230 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«Coronavirus2020.kz» сайтының ақпа­ра­тына сүйен­сек, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы 2 сәуірде тіркелген. Ал жұқпалы індеттен 7 адам емделіп шықты. Жалпы екі жылда Қазақстанда 88705 адам індетке шалдықса, оның ішінде 5352 адам өмірден өткен. Ал жазылып шық­қандардың саны 82334-ке жеткен.

Әлемде эпидахуал қалыпқа түссе де, өлім көрсеткіші азаймаған. Атап айт­қанда, өт­кен аптада əлемде 10 миллион­нан астам адам коронавирус инфек­циясын жұқтырып, 45 мыңнан астам науқас қайтыс болғаны хабарланды. Бұл көрсеткішті алдыңғы аптамен са­лыстырғанда көз жұмғандар саны 43 па­йыз өсіп, инфекцияның 14 пайыз­ға азайғанын аңғаруға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының апталық бюллетенінде айтыл­ғандай, 21-27 наурыз аралығында «COVID-19» індетін жұқтырғандар саны ал­дыңғы аптамен салыстырғанда 14 па­йызға төмендеді. Алайда дəл осы кезеңде өлім саны 43 пайызға артқан. Бұл Америка өңірінің кейбір елдерінде (Чили жəне АҚШ) «COVID-19» өлімін анықтаудағы өзгерістерге жəне Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінен алынған деректерді түзетуге байланысты болып отыр.

«Бір апта ішінде ДДҰ-ға 10 805 132 адамның инфекция жұқтырғаны туралы хабарлама түсті. 45 711 өлім дерегі тір­келді. Өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтырғандар саны алты өңірде азайған. Əсіресе Шығыс Жерорта теңізін, Африка мен Батыс Тынық мұхиты өңірін атап өту керек. Еуропада 4 пайызға тө­мендеген. Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда көз жұмғандар саны артты» де­лінген бюллетеньде.

Еуропа елдерінде бүгінде инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеп, шектеу шаралары жойылуда. Осы айдан бас­тап Германияның астанасы – Берлинде коронавирусқа шектеулер алынған. Бұл елде тұрғындардың 76 пайызы то­лы­ғымен вакциналанған. Сондықтан ін­деттің оңай өтуі барлық карантиндік шек­теу талаптарының жойылуына се­беп­­­ші болып отыр. Сондай-ақ Испания мемлекетінде де бүгінде карантиндік талаптар жеңілдетілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы əлемде вирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мəлімдеген. Мамандар жағдайдың тұрақталуын халықтың көп бөлігі вакцина алғанымен байланыстырады. Əсіресе вакциналанғандар көрсеткіші жоғары Еуропа елдеріндегі бү­гінгі ахуал осының дəлелі дейді. Бұл тұста, елімізде вирусқа қарсы екпенің екі компонентін 9179332 толық алғанын атап өткен жөн.
Жоғарыда атап өткендей, әлі де арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларына мән беріп, қауіпсіздікті естен шығармау қажет.

«ТТ» ақпарат

05 сәуір 2022 ж. 479 0