Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордалық тұрғын індетті қайда жұқтырған?

Қызылордалық тұрғын індетті қайда жұқтырған?

Бүгін, 2 сәуірде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 жағдайы тіркеліп, жалпы саны 26 адамға жеткен болатын. Аталған науқас туралы мән-жайды облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Науқас 1999 жылғы, Шиелі ауданының тұрғыны. Ол коронавирус жұқтырған Түркістан облысының тұрғынымен Петропавл-Қызылорда пойызында бір вагонда болған. Соған байланысты шұғыл карантиндік стационарға оқшауланып,  зертханалық зерттеулерге сынамалар алынған. ПТР анализі оң нәтиже көрсеткеннен кейін Шиелі ауданаралық ауруханың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», – деді ол.   
Аталған жағдай бүгінгі күнге дейінгі облыста тіркелген 25 науқаспен байланысы анықталмаған, сырттан тасымалданған жағдай болып табылады. Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды.

02 сәуір 2020 ж. 837 0