БЕСАРЫҚТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ 700-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ
Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында саналы ғұмыры адал еңбекпен өрілген Абай Сәрсенбайұлын еске алу мақсатында спорттың дзю-до түрінен халықаралық турнир өтті.
Спорт бәсекесіне еліміздің Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан, Шымкент, Семей, Қызылорда қалаларынан және Өзбекстан, Қырғызстан Ресупбликаларынан 700-ге жуық спортшы қатысты.
"Абай-Дәулет" ЖШС демеушілігімен ұйымдастырылған спорт додасында балуандар 34, 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 66+ салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жарыс тартысты өтті.
Жалпы командалық есеп бойынша I орынды 3 алтын,1 күміс, 2 қола медалмен Бесарық ауылының құрамасы жеңіп алды. II орын 2 алтын,3 күміс,3 қола медаль иеленген Талдықорған қаласының спортшыларына бұйырды.
Ал, III орын 2 алтын,2 күміс,1 қола медалді қанжығасына байланаған Өзбекстан Республикасының балуандары еншіледі.
Жеңімпаз атанған спортшыларға медальдар мен кубоктар берілді.
Айта кету керек, аталған ашық турнир биыл екінші мәрте ұйымдастырылуда. Ауқымы кеңейген тартысты бәсекені "Абай-Дәулет" серіктестігі алдағы жылы да өткізуді жоспарлауда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.