"Ақпаратта техникалық қателік орын алған"

Басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратта техникалық ақаулық орын алған. Онда Шиелі аудандық білім бөлімі бір литріне емес, бір жылдық қаражаттың көлемін көрсеткен.
– Бұл мәселелерге қатысты тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Шиелі аудандық білім бөлімі 1 литріне емес, 1 лот яғни жылдық соммасын 14 млн 577 мың теңгені көрсеткен. Ал Қармақшы аудандық білім бөлімінің №275 орта мектебі мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру барысында техникалық қателік жіберілгені анықталды. Яғни бір күрткенің негізгі бағасы – 16 701,43 теңгеден болуы қажет. Алайда техникалық қателіктің кесірінен 1 млн 670 мың 14 теңге көрсетілгені анықталды. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бөлінген қаржыға сәйкестендірілді. Ал жауапты сала мамандарына тәртіптік шаралар қолданылды, - деді Ақзира Бақтыбайқызы.