Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби мамандарды даярлау барысы пысықталды

Кәсіби мамандарды даярлау барысы пысықталды

Облыста 30 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бар.Оның 17-і мемлекеттік болса, 13-і мемлекеттік емес колледж. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспаөз конференциясында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мәлімдеді.
« Қазіргі таңда колледждерде 97 мамандықтың 167 біліктілігі бойынша 20365 студент білім алуда. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға алынған лицензиясы бар. Және де WorldSkills-тың мамандарды даярлауда білім мазмұнына, материалдық техникалық базасын жабдықтауға қойылатын талаптарға әсерін ескере отырып, қозғалысты дамытуға қаржы қарастыру, тренерлік базаларды, сарапшылар қауымдастығын дамыту, жұмыс берушілермен байланыс деңгейін арттыру үшін үш жақты келісім-шарт жасалды. Бұған қоса, «Жас маман» жобасы аясында колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді », - деді Ғалия Ноғайқызы.
Мұнан өзге, өңірімізде 30 колледждің 20 жатақханасы бар. Жатақхана 2030 орынға арналған.
Өз сөзінде департамент басшысы мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде жатаханалар салу жолға қойылғанын тілге тиек етті. Өткен жылдың қараша айында Қызылорда медицина жоғары колледжіне – 330 орынды жатақхана пайдалануға берілді. Биыл желтоқсан айына дейін 4 колледжді 400 орынды жатақханамен қамтамасыз ету шаралары қабылданды.

"ТТ"-ақпарат 
13 наурыз 2020 ж. 430 0