Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мобильді топ өкілдері шалғай елді мекендерде тұрғындарды қабылдайды

Мобильді топ өкілдері шалғай елді мекендерде тұрғындарды қабылдайды

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі жұмысы тұрғындардың өтініштерін қараумен қатар, Партия Төрағасы алға қойған негізгі міндеттер мен ел игілігіне бағытталған жобаларды түсіндіру, насихаттау болып табылады.

Қазіргі таңда партия жұмысын жан-жақты жаңғырту жұмыстары халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралы қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметін де қамтып отыр.
Осы орайда өңірлерде арнайы мобильді қоғамдық қабылдау топтары құрылып жұмыстарын бастады.

Мобильді топтардың мақсаты шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындарды қабылдап, олардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңестер беруді көздейді.

Біздің облыстағы алғашқы қабылдаулар республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі басшылығының, облыстық, аудандық маслихаттардағы фракция мүшелері мен партия белсенділерінің, облыстық Саяси кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшыларының қатысуымен Жалағаш ауданының Аламесек және Сырдария ауданының Іңкәрдария, Қазалы ауданының Бекарыстан би, Шиелі ауданының Жөлек және Жаңақорған ауданында Қандөз елді мекендерінде ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ мұндай қабылдаулар алдағы сәуір және мамыр айларында облыстағы шалғай 20 елді мекенде өткізіліп, жыл соңына дейін жалғасатын болады.

25 наурыз 2022 ж. 866 0