Жаңарудың 7 бағыты нақтыланды
1. Партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;
2. «Nur Otan» партиясын модернизациялау.
Съезді ашып жүргізген «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияны жаңғыртудың жаңа 7 басымдығына тоқталды.
Яғни:
1. Халықпен кері байланыс жасау; құралдарының тиімділігін арттыру;
2. Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру;
3. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру;
4. Партиялық бақылауды күшейту;
5. Партияның Бағдарламалық құжаттарын қайта қарау;
6. Халықтың әр түрлі топтарымен жұмыс істеу;
7. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру.
Осы басымдықтар негізінде қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтап, олардың санын оңтайландыру, бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту, «ТАЗАLIKE», «Әлеумет», «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» атты жаңа жобаларды іске қосу көзделіп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын проактивті форматқа ауыстыру, шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар өткізу арқылы халықпен кері байланыс жасау күшейтілмек.
Одан бөлек, съезде партияның атауын өзгерту мәселесі де қаралып, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "Nur Otan" партиясының атауын "АMANAT" деп өзгертуді ұсынды.
Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың "Nur Otan" партиясының атауын «АMANAT» деп өзгерту туралы ұсынысын қолдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінде «АMANAT» деген атауға тоқталдық, - деп айтты.
Партия жұмысын сараптау, зерттеу және қоғамдық қабылдаулар, сын-пікірлерді ескере отырып елдің аманатын арқалай алатын саяси жүйеге айналуды тапсырды. Ендігі уақытта біздің міндетіміз партияны жаңғыртуға бағытталған мақсат- міндеттерді барша партияластар болып бірігіп, жұмыла іске асыруымыз керек!
Б.ЕСНАЗАР,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты