САПА ТАЛАПТАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге сәйкес жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен семинар кеңес өтті.
Семинарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, Заңдылықтардың бұзылуына жол бермеу, алдын алу және нормативтік – құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мен талаптарын сақтау мәселелері мамандар тарапынан түсіндірілді.
Бөлім басшысының орынбасары А.Мұхан тұрғындарға көрсетілген мемлекеттік қызметтерге және қызмет көрсету барысында кездесетін кедергілерге тоқталды. Көрсетілген мәселелер негізінде бірнеше ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетіп, орындалу мерзімін бұзушыларға жол бермеу, құжаттар топтамасының толық болуы және артық құжаттарды талап етпеуді бақылауда ұстау қажеттігі назарға салынды. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетудің өтініштерді қабылдауда электронды үкімет порталы арқылы қабылдауға басымдық беріледі. Бөлімнің осы күнге дейін көрсеткен қызметтері: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу», «Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиенелық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметтері алдағы уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетіндіктен, мамандардың пікірлері сарапқа салынды. Семинарға қатысқан аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Е.Булебаев мемлекеттік қызмет алушыға ешқандай кедергісіз, сапалы қызмет көрсету талап етілетінін қаперге алу қажеттігін ескертті.
Б.ЖАНӘЛІ