Аудан әкімі ардагерлерді қабылдады
– Тарихы терең бойлаған Наурызда дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, береке мен ынтымақтың бастауы. Ұлыстың ұлы күні сіздермен қауышып, дидарласып отырғаныма қуаныштымын. Еліміздің ырысы арта берсін. Жыл басы елімізге бірлік, әр шаңыраққа молшылық әкелсін. Жарқын өмірдің бастамасы саналатын жаңа жылымыздың жаңа күнінің алғашқы нұры саналатын Наурыз мерекесі жетістік, молшылық пен татулық сыйласын. Алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін әркез үлгі тұтамыз, – деді аудан басшысы.
Бүгінде аудан бойынша 4000-нан аса зейнеткер бар. Ал оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров және 150-ден аса тылда қажырлы еңбек еткен майталмандар бар. Олар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар мен жеңілдіктердің игілігін көруде.
Салтанатты қабылдауда аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы аудан ардагерлерін ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі және мерекелік сыйлықтар табыс етілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі