Аудан әкімінің құттықтауы
Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн.
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөзі бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы өнеге мен тағылым мектебі саналады.
Елімізде ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да игі шаралар ардагерлерді қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданда да тұрақты атқарылуда. Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өмірі өнегелі қарияларға көптеген құрмет көрсетілуде.
Бүгінде ауданда 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 150-ден аса тыл ардагері және 4122 зейнет жасындағы қария бар. Олардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі, тиісті қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болуы мемлекет назарында.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті Сіздерге үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі