Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен ауданға келді
Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен ауданда болды. Ең алдымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге Тереңөзек кентіндегі қоқыс полигонын көрді.
Бүгінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау сұрыптау жұмысы бойынша Тереңөзек кентінде пластикалық бөтелкелер мен пакеттер қабылдайтын 2 қабылдау пункті ашылып, 20 дана контейнер қоғамдық орындар мен халық көп шоғырланатын жерлерге қойылған. Сонымен қатар Мархабат Жайымбетұлы кенттегі құрылыс нысандарын аралады. Облыс әкімі орынбасарының жұмыс сапары аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен бюджеттерден шешімін табуды қажет ететін проблемалық мәселелер жөніндегі жиынмен қорытындыланды.
Аталған бас қосуда аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттемелерді баяндады.
Аудан әкімі аудандағы бір қатар өзекті мәселерді, оның ішінде елді мекендегі электр жарығын жаңғырту, жаңа қоныстану аймағына жол салу, тұрғын үй, тұрмыстық қатты қалдық полигонын салу құрылысын қаржыландыру қажеттілігін облыс әкімі орынбасарының назарына жеткізді.
@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі