Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда болуы керек

Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда болуы керек

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебайдың кент және ауылдық округ әкімдерін қабылдау мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің кеңесшісі Б.Сәрменбаев, бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері, мекеме басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында Тереңөзек кенті және барлық ауылдық округтерінің проблемалық мәселелері кеңінен талқыланды.

Ауылдық округтердегі электр бағаналары мен ауыз су құдық қақпақтарының қазіргі жағдайын арнайы дайындалған слайд арқылы көрсетіп, бағаналарға, ауыз су құдықтарына, канал бойындағы авариялық жағдайдағы көпірлермен шлюздердің жағдайына және ғимараттардың сәулеттік келбетіне байланысты ауыл әкімдері атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, көрсетілген мәселелер бойынша қаралған қаржының мақсатты жұмсалуы туралы мәлімет берді.

Аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай кейбір бағаналар мен ауыз су құдық қақпақтары шұғыл ауыстыруды қажет ететіндіктен тиісті мекеме басшыларына қатынас хат әзірлеп, қысқа мерзім ішінде қалыпқа келтіру жұмыстарын ауыл әкімдеріне жүктеді.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары ауылдық округ әкімдеріне елді мекенде қараусыз жатқан трансформаторларды есепке алып, тұрғындарға зияны келмес үшін тез арада айналасын талапқа сай етіп қоршау бағытында жұмыс жүргізуді тапсырды.

04 тамыз 2021 ж. 418 0