Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары лауазымына Мархабат Жайымбетов тағайындалды

Облыс әкімінің орынбасары лауазымына Мархабат Жайымбетов тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аймақ басшысы жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.

- Мархабат Жайымбетұлы құрылыс, сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларына жетекшілік жасайтын болады.

Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен, үздіксіз энергетикамен, газбен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, табиғи монополиялар субьектілерін реттеу, коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеу бойынша қарқынды жұмыс атқарады деп сенемін.

Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жайымбетов Мархабат 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Экономика және менеджмент PhD докторы.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы «ГлавАгроРемМаш» жөндеу механикалық зауытының энергетигi болып бастаған.

1993-2005 жылдары аймақтың мұнай-газ салаларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2005-2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2010-2014 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2015-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

2019-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

2021 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.
10 наурыз 2022 ж. 679 0