Облыс әкімінің орынбасары Қазылыға жұмыс сапарымен барды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес орынбасары Серік Ахмет жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен облыс әкімінің орынбасары Жанқожа батыр кесенесінде болып, баба рухына тағзым етті.
Одан кейін жаңадан салынып жатқан 600 орындық Мәдениет үйінің жұмысмен танысты.
Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары2018 жылдың шілде айында басталып, ағымдағы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 80 адам жұмыспен қамтылған. Бас мердігер «Қаз Құрылыс Сервис» ЖШС-ның директоры Ештай Шадияр атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Серік Ахмет құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Серік Ахмет ескі Жанкент қалашығының жұмысымен танысып, Сырдария өзенінің Абай ауылы тұсындағы қалқымалы көпірге барды.
Жанкент қалашығы республикалық санаттағы археологиялық ескерткiштердiң бiрi. 2018 жылы жалпыхалықтық маңызы бар киелі орын санатына енгізілді. Жалпы аумағы 45 гектар жерді құрайды. Жанкент қалашығына зерттеу жұмыстары 2005 жылы басталған. Археологиялық қазба жұмыстары 2014 жылы қайта жаңартылып, әлі күнге дейін жүргізілуде. 2019 жылы қорғанның оңтүстік-шығыс қабырғаларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
Абай ауылы тұсындағы көпірдің ұзындығы 45 метрді құрайды. 2020 жылы қалқымалы көпірді күтіп ұстауға жергілікті бюджеттенқаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «EL QYZMET» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Жеңімпаз мекеме көпірдің техникалық жағдайын қадағалап, қайықтарға ағымдағы жөндеу, сырлау жұмыстарын атқаруда. Қалқымалы көпірдің 25 қайығы бар. Сонымен қатар өзен деңгейіне байланысты көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, қыс айларында өзеннен сең жүруіне орай қайықтарды жағаға шығарып, тасымалдау мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылады.
Облыс әкімі Серік Ахметтің Қазалы ауданына жұмыс сапары аяқталды.