Балық шаруашылығына да басымдық керек

Одан кейін аудан әкімі «Ибраев» шаруа қожалығында болып, Мұзаппар Ибраевтың тоғанды кеңейту бойынша ұсынысын тыңдады. Мүзаппар Ибраев 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1,5 млн теңге грантын жеңіп алып, тоған шаруашылығын қолға алған. Тоған көлемі 2 гектар.
Кездесу барысында аудан әкімі тоған шаруашылығын дамыту бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі