Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі елді мекендерге жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі елді мекендерге жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жұмыс сапары аясында Шіркейлі, Н.Ілиясов ауылдық округтері мен «Кең дала» шаруа қожалығында болды.

Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ұлттық жобаны жүзеге асыруға қол қойған болатын. Сол 10 жобаның бірегейі – «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты–жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытып, ел дамуына үлес қосатын, еңбекте ерлік көрсететін ұрпақтарды қалыптастыру.

Аудан әкімі жұмыс сапарының алғашқы қадамында Шіркейлі ауылдық округінде болып, даңқты күрішші, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бексұлу Синаевамен жүздесті. Бексұлу Синаева еңбек жолын 1965 жылы колхозшы болып бастап, күріш өсіруші, күріш өсіру звеносының звено жетекшісі, суарушы жұмыстарын атқарған. Екі мәрте «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері. 1992 жылдан бастап құрметті демалысқа шыққан.Аудан басшысы ел дамуына елеулі еңбегімен үлес қосқан, осындай даңқты кісілердің еңбек жолы насихатталуы, жаңғыртылуы кейінгі ұрпаққа үлгі. «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бексұлу Синаева аудан әкімі, ауыл ардагері мен басшыларына батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоба - кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.

Мұнан соң аудан әкімі Н.Ілиясов ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Олинов Роллан Нұрланұлының бал арасын кеңейту жұмысымен танысты.
2019 жылы Роллан Олинов "Жәния" жеке кәсіпкерлігін ашып, "Микробизнес Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 1 млн. теңге несие алып бал ара өсіру кәсібін бастаған. 2020 жылы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының грант тетігі бойынша омарта шаруашылығын дамыту жобасы арқылы 2 млн. теңге грант ұтып алған. Бал өнімдерін ауыл, аудан және қала тұрғындарына арнайы сауда нүктелері арқылы өткізуде.

Бүгінгі жұмыс сапары соңында аудан басшысы «Кең дала» шаруа қожалығында болды. «Кең дала» шаруа қожалығының төрағасы Есенов Расул Әбутәліпұлы. Қожалық жерінен балық шаруашылығын дамыту үшін тоған ашу жұмысымен айналысуда. 200 бас жылқы бордақылау алаңы ашылған. Сонымен қатар, алма бағын ашу мақсатында жерін әзірлеуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 қазан 2021 ж. 273 0