Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады

500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады

Аймақта балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделуде. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады.

- Облыста 16 шарбақтық балық өсіру шаруашылығы, тауарлы балық өсіретін 12 тоған құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі. Өңірлік бағдарламаны іске асыру үшін жалпы көлемі 28,9 млрд. теңге қаржы есептелді. Осыған орай, балық шаруашылығын қолдау мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлу қарастырылды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық жағдайын және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетін болады, - деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.

Айта кетейік, облыс аумағында Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Оның ішінде, 95-і тауарлы балық өсіру шаруашылығына бағытталған.
15 наурыз 2021 ж. 608 0