Жолдау маңызды міндеттерді жүктейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында барша қазақстандықтарды «Жаңа Қазақстанды» бірге өркендетуге үлес қосуға шақырды.
«Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қандай болатыны толғандырады. Қызметіме түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі мемлекетімізді қорғап қалу мен үшін аса маңызды», - деді Мемлекет басшысы. Осы жолда Президент жауапкершіліктің бәрін мойнына алуға дайын екенін атап өтті. «Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Қазақстандық әрбір тұрғын өзгерісті сезініп, өз елінің патриоты болу керектігін айтты. Расында бүгінгі Жолдау маңызды міндеттерді алға қойып, үлкен өзгерістердің бастауы екенін көрсеткендей болды. Ендігі кезекте баршамыз Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдауымыз керек!
М.БИСЕНОВ,
Сырдария аудандық мәслихатының депутаты