Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

«Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынға дәстүрлі Жолдауында елді дамыту бойынша түрлі реформалар айтылып, кезеңімен орындалуда.

Бүгінгі Жолдауды «AMANAT» партиясының аудандық филиалында ұжым болып көрдік. Мемлекет басшысы «Қасіретті қаңтар» оқиғалары еліміздің әлемдік қауымдастық алдында беделіне нұқсан келтіргенін атап айтты. Мемлекеттік төңкеріс жасауға ұйымдасқандар өз дәрежесінде заң шеңберінде жауапқа тартылатындығын атап өтті. Жолдауда партиялық теңдікті қалыптастыру, сайлау жүйесін реформалау, мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа моделін енгізу секілді маңызды мәселелер айтылды. Жолдауда көтерілген маңызды мәселелердің бірі еліміздің аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу мәселесі. Жаңадан құрылатын Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары мемлекеттік басқарудағы рөлді жеңілдетіп, көлік логистикасының дамуына сеп боларын атап өтті. Жалпы алғанда бұл Жолдау өзге ерекше болды. Мемлекет басшысы атап айтқандай «Жаңа Қазақстанымызды» бірге құруға атсалысайық!

Е.ЖАҚЫП,
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы
16 наурыз 2022 ж. 1 220 0