Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ардагерлер көркейту жұмыстарына атсалысуда

Ардагерлер көркейту жұмыстарына атсалысуда

Жастар ардагерлерден үлгі алады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Əбенұлының бастауымен бүгін ардагерлер сенбілікке шығып, бірқатар қоғамдық ұйымдар орналасқан «Достық» үйінің жанын тазалыққа келтіріп, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
– «Достық» үйінде көптеген қоғамдық ұйымдар орналасқан. Бұл жерде ардагерлер жиі бас қосады. Сондықтан бұл ғимарат біздің екінші үйіміз саналады. Аудан қариялары аудан əкімі Талғат Дүйсебаевтың көркейту-көгалдандыру жөніндегі үндеуіне алғашқылардың қатарында үн қосып, үлгі көрсетуде. Тазарту жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызуда. Негізінде, жан-жағымыздың көркейгені өзімізге жақсы. Барлық тұрғын өзі тұратын тұрғылықты жердің таза болып, көркеюіне, гүлденуіне атсалысуы керек, – дейді аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Х.Әбенұлы.
Ардагерлер «Достық» үйінің алдында белгіленген жерге арық қазып, су жолдарын тазартып, көшеттер отырғызуды бастап кетті. Аудан тазалығына үн қосып жатқан қариялардың бұл ісі жұртшылыққа үлгі-өнеге.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
10 сәуір 2021 ж. 610 0