Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда үйінің иесі ұсталды

Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда үйінің иесі ұсталды


«Зимняя вишня» сауда үйінің бас директоры әрі иесі Юлия Богданова ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасап.
- Тергеу барысында Юлия Богдановаға қол астындағы қызметкерлері бірнеше мәрте өрт қауіпсіздігі жолға қойылмағаны жөнінде ескерткені анықталды. Богданова ескертулерді елемей сауда орындарын жалға беруді жалғастырған. Өрт қауіпсіздігін күшейту үшін ешқандай әрекет жасамаған, деді  Ресейдің тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.
Тергеушілер бас директордың үйінде тінту жұмыстарын жүргізді. Жақын уақытта оған айып тағылады.
30 наурыз 2018 ж. 1 036 0