Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үндістандық әйел Мария Шарапованың үстінен сотқа арызданды

Үндістандық әйел Мария Шарапованың үстінен сотқа арызданды

Қараша айының басында Дели қаласының соты үндістандық әйел шағымының негізінде Мария Шараповаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Жәбірленушінің айтуынша, теннисші Үндістанда «Шарапова балет үйретеді» атты тұрғын үй кешенін салмақ болған. Сөзіне сенсек, ол аталған кешенді салатын компанияға 5 млн рупий (77 мың доллар) төлеген. Мұнымен қатар, әйел теннисшінің осы жобаны белсенді түрде жарнамалағанын айтып өтті.
Бұдан өзге жәбірленуші Homestead Infrastructure Development, Homestead Infrastructure Maintenance және Homestead Arabic Homes сынды компанияларды айыптап отыр.
«Хаттамада есімі аталса да, Мария Шарапова ресми түрде айыпталды деп айта алмаймыз. Бұл бар болғаны белгілі бір тергеу жұмыстарын бастау үшін ғана қажет. Полиция жуырда тергеу жұмыстарын бастайды. Шарапова құрылыспен айналысып жүрген компаниядан ақша алған. Бірақ, ол аталған компанияның арам ойы туралы білген болса, міндетті түрде өз ісі үшін жауап береді», - дейді қорғаушы.

22 қараша 2017 ж. 1 677 0