Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғылыми ізденіс жолындағы жас дарындар

Ғылыми ізденіс жолындағы жас дарындар

Оқу-тәрбие үдерісі жаңалықтарға толы. Бүгінгі талап деңгейінде сол үдеден шығу, жаңартылған оқу мазмұнына сай білім беру, шәкірттерін ғылыми-зерттеушілік бағытқа ұмтылдыру - ұстаздар қауымының маңызды міндеті.

Сырдария ауданында түрлі байқауларда ғылыми ізденістерімен, нәтижелі жұмыстарымен дараланған оқушылар қатары аз емес. Солардың бірі - Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебінің 3 сынып оқушылары – Бердібек Жанниет пен Құдайберген Іңкәр.

Қос дарынды оқушы «Зерде» сайысының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары атанып, 2022 жылдың 9-11 ақпанында сол сайыстың Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» тынығу лагерінде ұйымдастырылған республикалық кезеңінде «Робототехника» бағыты бойынша ІІІ орын иегерлері атанды. Шәкірттерін шыңға шығарып, ғылыми сайысқа дайындаған білікті ұстаз, сынып жетекшісі – Елеукеева Мартаның жетекшілігімен «ВАЛЛ-И қуаттағышы» роботы тақырыбындағы жобасы арқылы олар үздіктер қатарынан көрініп, Сыр елінің мерейін үстем етті.

Сонымен қатар оқушылар бұған дейін де қашықтықтан өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадаларына қатысып, халықаралық «Кенгуру – математика» зияткерлік конкурс ІІ дәрежелі дипломдарымен, халықаралық «Человек и природа» балалар байқауы, халықаралық «Бастау» олимпиадасының І дәрежелі дипломдарын иеленген болатын.

Сабақтан тыс уақыттарда ізденімпаз жастар - Жанниет пене Іңкәр «Домбыра», «Өнер», «Би» үйірмелеріне қатысып, өздерінің өнер жолындағы шығармашылықтарын да шыңдау үстінде.

Ұлы Абайдың «талап, еңбек, терең ой» деген ұлағатын ұлықтай білетін екі дарынды жас Бердібек Жанниет пен Құдайберген Іңкәр Сыр елінің байрағын әлі талай ғылыми байқауларда биіктетіп, жаңа Қазақстанның жалынды жастарының қатарын толтыра бермек.

09 наурыз 2022 ж. 299 0