Басшылардан көрсеткіш емес, нәтиже сұралады
Мәжілісте аудан әкімі жылдың алғашқы тоқсаны аяқталуға жақын қалғанын айтып, кент және ауыл әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын саралады. Хаттамалық тапсырмалардың негізінде бірқатар сын-ескертпе айтқан аудан басшысы бірінші тоқсанның қорытындысымен кадрлық шешім қабылдайтынын және аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.
Бірінші мәселе бойынша аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов баяндама жасады. Жыл басынан бері аудан көлемінде наразылық митингісі мен пикет өткізу туралы өтініштер тіркелмегенін атап өткен бөлім басшысы облыстың ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасына сәйкес жер қатынастары мәселесі бойынша 3 ауыл тізімге енгізілгенін жеткізді.
– Бұл ауылдар бойынша жер мәселесі және қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынып, қолданыстағы заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аудандағы саяси ахуалды тұрақтандыру бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар әр тоқсан сайын өткізіліп, оған шамамен ауданның 1200 тұрғыны қатысуда. Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау, шиеленістердің алдын алу мақсатында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық салаларда дағдарыс жағдайлар туындағанда азаматтармен келіссөздер жүргізуші жұмысшы тобының алгоритмі бекітілді. Алгоритм бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жедел әрекет етуі тиіс салалардың іс-әрекеті белгіленді, – деді Б.Смайлов.
Бұл мәселе бойынша аудан әкімі ауданда жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеді. Сауалнама негізінде тиісті жұмыстарды үйлестіру, кемшін тұстарды ретке келтіру алгоритмі әлі мүлдем нақтыланбағанын айтты. Сондай-ақ республикалық телеарналар мен мерзімді басылымдарда аудан туралы жаңалық аз жарияланатынын назарға салып, аудандық ішкі саясат бөліміне осы бағыттағы жұмыстарды тез арада жандандыруды тапсырды.
Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының негізгі драйвері. Сондықтан жергілікті жерде кәсіпкерлік саласын дамытудың маңызы зор. Кәсіпкерлік дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал жаңа жұмыс орындары ашылса, жұмыссыздық азаяды. Сол арқылы біз қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеміз. Осы ретте мәжілістің күн тәртібінде қаралған үшінші мәселе – 2022 жылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жобалар жөнінде болды. Бұл бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Н.Қарсақбаев мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін гранттар мен несиелер жөнінде баяндады.

– Былтыр жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан бойынша 2951 млн теңгенің 527 жобасына мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде 2790,9 млн теңгенің 284 жобасы несие болса, құны 160 млн теңгенің 243 жобасы грант. Жалпы ауданда 2522 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2386-ға жетіп отыр. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3,3 пайызға артты, – деді бөлім басшысы.
Аудан әкімі өз кезегінде ауыл әкімдерінің жұмысын кәсіпкерлік саласын өркендетумен бағалаған дұрыс екенін айтты. Сонымен қатар елді мекендердегі кәсіп бастағысы келетін азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттар қолжетімсіз екенін сынға алды.
– Кәсіпкерлерге үкімет тарапынан берілетін қолдауларды неғұрлым арттырумыз қажет. Біз сонда ғана әлеуметтік проблемалар, оның ішінде жұмыссыздық мәселесінің алдын ала аламыз. Тағы бір айта кететін жайт, ол – ауданымыздың қалаға жақын орналасуы. Біз алыс Аралда немесе шалғай Жаңақорғанда орналасқан аудан емеспіз. Қала қасымызға тиіп тұр. Бұл ерекшелікті дұрыс пайдалана білуіміз қажет. Оның ішінде, былтыр ауылшаруашылық өнімдерінің белдеуін қалыптастыру тапсырмасы бойынша қала халқының белгілі бір бөлігін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ете алсақ, ұтарымыз көп болмақ. Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен кент және ауыл әкімдері өздерінің жұмыс жоспарларын қаладағы қаржылық ұйымдармен, кәсіпкерлік палатасымен, тиісті салалық басқармамен бірлесе ұйымдастыруы керек. Әйтпесе ауылдағы қарапайым тұрғын қаладағы қаржылық ұйымдардың қайда екенін, орналасқан мекен жайын, олардың қандай жеңілдіктер ұсынып жатқанын білмейді. Сондықтан бірлесе сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Ал мұндай жұмысты мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен көріп тұрған жоқпын. Аз уақыттың ішінде нақты нәтижелер байқалмаса, бірінші басшының жауапкершілігін қараймын. Сондықтан кәсіпкерлік жобалар бойынша тек ұсыныс беріп қана қоймай, нәтижеге жетемін дегенше іздену, кәсіпкерлік жобаларды соңына дейін сүйемелдеу қажет. Әр ауыл әкіміне жыл соңына дейін қанша бизнес жобаны қаржыландыруы тиіс екенін нақтылап беру керек. Сосын сол жоспар бойынша нәтижесін сұрау керек, – деген аудан басшысы жұмыс сапасын жеке бақылауына алатынын айтты.

Осылайша күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқыланып, аудан әкімінің орынбасарлары мен кент және ауыл әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ