Бағаны тұрақтандыру мақсатында мамандар сауда дүкендерін аралады
Аманкелді ауыл әкімдігі тарапынан сауда орындарына мониторинг жасалып, жеке кәсіпкерлерге бағаны тұрақты ұстау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жыл басында екі жақты қол қойылған меморандум арқылы бағаны тұрақтандыру және барлық шаралар меморандум арқылы жүзеге асырылатыны дүкеншілерге қатаң ескертілді.
Заңнамаға сәйкес бағалардың көтерілуіне жол берілмеу қажет.
Осыған орай, 2022 жылдың 23 ақпаны күні Аманкелді ауылының дүкендеріндегі әлеуметтік тауарлар бағасына байланысты рейд ұйымдастырды.
Рейд барысында сауда дүкен иелеріне ескертулер жасалып, алдағы уақытта баға тұрақтылығы басты назарда екендігі жеткізілді.