Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде аудан әкімдігі жанынан арнайы бақылаушы топ құрылған болатын. Бақылаушы топ апта сайын рейд жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы маманы, кәсіпкерлік бөлімінің маманы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудандағы бірқатар сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мамандар азық-түлік дүкендерін, ет сататын дүкендерді, қоғамдық тамақтану орындарын және жеміс-жидек сататын дүкендерді аралап ондағы санитарлық талаптардың бұзылмауын, вирусқа қарсы сақтық шараларының сақталуын, залалсыздандыру құралдарының барын тексеріп, бірқатар ескертулер жасалды.

Карантин режимі жеңілдетілгенмен, қауіп әлі сейілген жоқ. Вирустан қорғанудың амалдарын естен шығармауымыз қажет. Мобильді топ жұмысы әлі де жалғасатын болады. Алайда тұрғындар өз денсаулығы үшін карантин талаптарын сақтауы тиіс.

Айдана ҚАЛИЕВА
23 қыркүйек 2020 ж. 662 0