Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 ақпан - Халықаралық тіс дәрігерлерінің күні

9 ақпан - Халықаралық тіс дәрігерлерінің күні

9 ақпанда дүние жүзіндегі тіс дәрігерлері кәсіби мерекені – Халықаралық тіс дәрігерлерінің күнін атап өтеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізумен МӘМС шеңберінде қызмет көрсететін стоматологиялық клиникалардың саны артты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘМСҚ) Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында Қызылорда облысының стоматологиялық қызметтер көрсететін 40 медициналық ұйымы тіркелген, оның 10 – ы (25%) мемлекеттік және 30-ы (75%) жеке клиникалар. 2021 жылы олар МӘМС пакеті шеңберінде жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 500-ге жуық медициналық қызмет көрсетті. Аталған медициналық ұйымдар алғашқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарымен бірлесіп орындау шарты негізінде медициналық қызмет көрсетіп отыр», - деді Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

ӘМСҚ филиалының директоры түсіндіргендей, МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар мұндай қызметтерді жоспарлы түрде ала алады: анестезия, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық функционалды қалпына келтіру. Сондай-ақ, тісті жұлудың хирургиялық әдістері, еріннің, тілдің френальды болігіне платикалық хирургия, жақ рентгені және анестезия.

МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, I, II, III топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедек балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға көрсетеді.

Осы санаттағы азаматтар шұғыл жағдайларда хирургиялық қабылдау, тұрақты тісті жұлу, абсцесті ашу, одонтогенді кистаны кетіру, альвеолитті емдеу, луночка жүйкесінің невритін емдеу, ауыз қуысының жұмсақ тіндерін кесу, жақ-бет аймағының жарасын бастапқы хирургиялық өңдеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балалар мемлекеттік тапсырыс есебінен ортодонтиялық көмек ала алады.
09 ақпан 2022 ж. 321 0