Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Бүгінгі таңда адам қозғалысының ажырамас бір бөлігі – ол әри­не көлік. Ол өте күрделі механизм, оны пайдалана білу керек және үнемі күтімді қажет етеді. Автокөліктің әртүрлі бөлшектерін үнемі тексерістен өткізден бөлек, көліктің өрт қауіпсіздігін де әрдайым бақылауда ұстау қажет.

Автокөліктегі қауіп қалай пайда болады?

Жанғыш заттардың болуы, жануды болдыратын жағда­й­лар, жанудың шыққан жері ав­толіктегі өрт шығу қаупін туындатады. Кейде өрт электр тоғының қысқаша тоғысу себебінен  шық­пауы да мүмкін, тек қана көлік бөлшектерінің ысып кетуінен де өрттің пайда болу қаупі жоғары. Көліктегі өртті бірден байқауға болады. Жанармайдың иісі немесе кабинадан күйген резеңкенің иісі, алдыңғы қақпағы бөлігінен түтіннің шығуы жану мен өрттің туындауының алғашқы белгілері болып табылады.

Машинаның астында жанып жатқан отты сөндіргенде, өрт сөндіргішті қолданып, көбікті немесе ұнтақты ортаға қарай бағыттаңыз. Өрт сөндіргішті ең қарқынды жанып жатқан бөлігіне бағыттаңыз немесе жалынды брезентпен, құммен, жердегі топырақпен, қар­мен басуға тырысыңыз, мүмкіндік болса су құйыңыз. Үстіңіздегі киімдеріңіз май немесе қолыңыз жанармайға малынған болса, өрт сөндіруге кіріспеңіз, ол өте қауіпті болуы мүмкін. Жанған өртті тез өшіріп алу қо­лыңыздан келмесе, көліктен алысырақ жерге барып тұрыңыз, себебі жанармай құйылған ыдыс жарылып кетуі ықтимал. Жанып жатқан көлікке отырып, оны қыздыруға тырыспаңыз. Қауіпті аймақта (кем дегенде 10 метр) адамдар болмауын қадағалаңыз.

Өрт шыққанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101»,«112» немесе 21-2-00 телефо­нына хабарласып, жағдайды, мекен жайын асықпай толық айтуы тиіс.

Сонымен қатар Сырдария ауданының тө­тенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/ 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды.                                      

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
                   
29 қаңтар 2022 ж. 460 0