Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Жыл басында Президент өңір әкімдері халықпен үнемі кез­десіп, елді мекендерді жиі аралау керек екенін айтты. Аза­маттардың талап-тілектерін тікелей тыңдау арқылы билік пен бұқара арасы жақындауы тиіс. Осыған байланысты аудан әкімі М.Ергешбаев тиісті сала басшыларымен бірге аудандағы ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Аудан басшысының ел-халықпен кез­десуі Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқ­мағамбетов ауылдық округтерінен бас­та­лып, Ақжарма, Іңкәрдария, Шаған, Нағи Ілиясов, Шіркейлі, Қоғалыкөл, Бесарық, Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы елді мекендерінде жалғасын тапты. Кездесулерде аудан әкімі жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін тың­дады. Сонымен қа­тар ауданда атқарылып жатқан жұмыс­тарға кеңінен тоқталып, биылғы жылы да ауқымды жұмыстар жүзеге асатынын тіл­ге тиек етті.


– Ел Президентінің «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы не­гі­зінде аудан халқы әрбір мәселесін ат­­­қарушы органға жеткізіп, оны шешуге мүмкіндік берілуде. Яғни, мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игі­лігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуда. Қазіргі таңда аудан бойынша осы тұжырымдар негізінде іске асыруға бағытталған бірқатар жұ­мыс­тар жүзеге асырылуда. Халықпен ты­ғыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тетік­тері іске қосылуда. Біз мемлекеттік құры­лымдардың халықпен тығыз байланыста болып, ашықтық саясатын ұста­нуын бас­ты назарда ұстаймыз, – деді аудан басшысы.

Жалпы, елді мекендерде қордаланған мәселелердің басым көпшілігі жер, ауыз су және аяқ су, тұрғын үй, көшелерді абаттандыру, тозығы жеткен электр жү­йе­­лерін ауыстыру, шағын және орта кә­сіп­керлікті дамыту төңірегінде болды. Сон­дай-ақ,  ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидия, қайтарымсыз грант, оған қоса кейбір елді мекендегі ауылдық емхананы жөндеу секілді мәсе­ле­лер көтерілді.

Аудан әкімі тұрғындардың талап-тіле­гін тыңдап, мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, ұсыныс-пікірлердің барлығы орынды екендігіне тоқталып, олар бойынша сала мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізген соң қорытындысымен тиімді ше­шім қабылданатынын жеткізді.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
29 қаңтар 2022 ж. 459 0