Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » М.Ергешбаев: Халықтың игілігіне жұмыс жасау қажет

М.Ергешбаев: Халықтың игілігіне жұмыс жасау қажет

Аудан әкімінің сәрсенбілік жұмыс сапары Нағи Ілиясов және Шіркейлі ауылында жалғасты.

Апта басынан бастау алған бұл кездесуде ауыл тұрғындары аудан басшысына көкейде жүрген сауалдарын тікелей жеткізді. Жергілікті тұрғындардың өтініш, талап-тілектері жіті тыңдалып, тиісті басшыларға тапсырма міндеттеді.

Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде аудан халқы әрбір мәселесін атқарушы органға жеткізіп, оны шешуге мүмкіндік берілуде. Яғни, мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуда.

Қазіргі таңда аудан бойынша осы тұжырымда негізінде іске асыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тетіктері іске қосылуда.

Аудан әкімі мемлекеттік құрылымдардың халықпен тығыз байланыста болып, ашықтық саясатын ұстану басты назарда екеніндігін жеткізді.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 қаңтар 2022 ж. 407 0