Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тұрғындар талабы басты назарда

Тұрғындар талабы басты назарда

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бірқатар ауылдық округтерде болып, тұрғындармен кездесті. Ақжарма ауылынан басталған жұмыс сапары Іңкәрдария, Шаған елді мекендерінде жалғасын тапты.  Атқарушы орган ауыл тұрғындарына аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Әкіммен кездескен жергілікті тұрғындар көкейде жүрген сауалдары мен өтініш-тілектерін жеткізді. Елді мекендерде қордаланған мәселелердің басым көпшілігі жер, ауыз су және аяқ су, көшелерді абаттандыру, тозығы жеткен электр жүйелерін ауыстыру, жарықтандырумен қатар ауыл емханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу төңірегінде болды.

Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, мәселелерді шешу үшін жұмыстар жасалатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 қаңтар 2022 ж. 666 0