Президент тапсырманы қағаз жүзінде орындайтындарды сынға алды
Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейінгі атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.«Өткен жылғы сайлау қорытындысы бойынша Nur Otan халықтан қажетті сенім мандатын алды. Алайда атқарушы билік оны пайдаланбады, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер көбінесе қағаз жүзінде орындалды», деді Президент мәселенің мәнісіне тереңірек үңіліп.











